ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

ЖОҒАРЫ КӘСІПТІК БІЛІМ

 

 

«Жас физиологиясы және мектеп гигиенасы» 050102 - Бастауыш сынып оқыту педагогикасы және әдістемесі

мамандығы үшін

 

Еңбек көлемі - 2 кредит (90 сағат)

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

 

 

 

АЛҒЫСӨЗ

 

1. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Білім» тобыңдағы мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік секциясы ҚҰРАСТЫРҒАН және ҰСЫНҒАН

 

2. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 22.06.2006ж., Республикалық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі Кеңес жиналысынын Хаттама шешімімен БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУҒА рұқсат етілген.

 

3.  «Жас физиологиясы және мектеп гигенасы» Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің № 289 11.05.2005ж. бұйырығына сәйкес шыққан бағдарламаның орнына енгізілген.

 

4.  Типтік оқу бағдардамасы 050102 — Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес құрастырылған.

 

5. Бағдарламаны Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің география-экология факультетінің Кеңесі ұсынған. 27.10.2006ж., хаттама №2

 

 

Бұл типтік оқу бағдарлама Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің рұқсатынсыз таралмайды.

 

Түсінік хат

 

Бұл типтік оқу бағдарламасы «Жас физиологиясы және мектеп гигиенасы» пәнінен педагогикалық бағыттағы мамандықтар үшін дайындалған. Пән болашақ мұғалімдерді дайындаудың сапасын өсіреді.

Мақсаты -балалар мен жасөспірімдердің әртүрлі жастағы өсу және даму заңдылықтарын, нерв жүйесінің физиологиясын, эндокриндік бездердін жас ерекшелік физиологиясын және мектеп гигиенасын, яғни мектеп үйіне, класс бөлмесіне, ауасына, жарықтығына, оқу құрал-жабдықтарына қойылатын гигиеналық талаптарды оқытады. I

Әсіресе балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайларына ерекше көңіл бөлінеді. Кейінгі жылдары кейбір типтік оқу жоспарларына Жас физиологиясы мен мектеп гигиенасына Валеологаялық мазмұнды мәліметтер қосылып беріліп жүр. Авторлар типтік бағдарлама жасау барысында валеологаялық бағыттағы тұлғалар тәрбиелеу мәселелері жөніндегі тақырыптарға көңіл бөледі.

Тапсырмалары-болашақ мұғалімдерді балалар мен жасөспірімдермен жұмыс істеу барысында пәннен алған білімдерін қолдануға үйрету, әсіресе оларды балалар мен жасөспірімдердің барлық морфофизиологиялық көрсеткіштері мен іс-әрекеттерінің жас ерекшеліктерін ұғып, соған сәйкес оқу-тәрбие жұмыстарында гигиеналық нормалар мен талаптарды дұрыс ескеріп қолдануга баулу.

Пререквизипері: Бұл пәнді нәтижелі түсіну үшін бастауыш базалық білімі адам анатомиясы, физиологаясы және гигиенасынан, валеологиядан, әрі математикадан, физикадаи, химиядан жеткілікті болғаны дұрыс.

Постреквизиттері: Педагогика мен психологияны және т.б. пәндерді танып білуге себебі болуға тиісті.

 

 

 

 

К I Р I С П Е

Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы» пәніне кіріспе, әрі қысқаша шолу. Бұл пәннің педагогика және психология пәндерімен байланысы және оқу-тәрбие жұмысы кезіндегі маңызы туралы. Жас физиологиясы педагогикалық барлық ғылымдардың теориялық негізін жасайды, әсіресе мектеп гигиенасының ғылыми негізін жасайды. Мектеп гигиенасының оқушылар денсаулығын күшейту мен сақтау үшін маңызы ерекше, әрі дені сау қалыптасқан жастарды тәрбиелеудегі орны да бөлек. Бұл пәндердің бір-бірімен байланыстары және даму сатыларына сипаттама.

Балалар мен жасөспірімдердің өсу мен даму жалпы заңдылықтары. Организм және оның біртұтастығы. Организм мен қоршаған орта. Нерв жүйесі мен ішкі секрециялық бездердің организмнің біртұтастығын қамтамасыз етудегі релі. Организм қызметтерінің нейрогуморальдық реттелуі. Гомеостаз және оның анықтаушы факторлары. Организмнің даму этаптары. Дамудың гетерохрондылығы. Дене шынығу көрсеткіштерінің жастық және жыныстық заңдылықтары. Дене шынығуы — адам саулытының және тіршілік жағдайларының әлеуметтік көрсеткіші. Дене пропорциясының онтогенездің әртүрлі кезеңдеріндегі өзгерістері. Өмір тіршілік жағдайларының балалар мен жасөспірімдердің өсуіне, дамуына тигізетін әсерлері. Антропометриялық зерттеулер нәтижелерінің оқушылар жасына қарай киімдерін.оқу және спорт құралдарын дұрыс анықтап білуге тигізетін іс жүзіндегі маңызы.

Нерв жүйесінің физиологиясы. Жоғары нерв әрекеті, олардың жас ерекшелікттері.

Нерв жүйесінің маңызы. Нерв құрылымдарының морфологиясы. Нерв жүйесінің ақпаратты қабылдау, өңдеу, өткізу, түрліше организм реакцияларын ұйымдастыру, психикалық қызметтерін атқару кездеріндегі рөлі.

Нейронның құрылысы мен қасиеттері. Тітіркену, тітіркендіргіш,  қозу,

қозғыштық, тежелу ұғымдары. Нерв талшығы және оның қасиеттері. Нерв

талшықтарының жас ерекшеліктері және олардың миелинденуі. Нейрондар арасындағы байланыс. Синапстар. Орталық нерв жүйесіндегі (ОНЖ) қозудың берілу механизмі. Нерв орталыгы және оның, касиеттері. Рефлекс нерв әрекетінің, негізі. ОНЖ-дегі қозу мен тежелу және олардың өзара әрекеті. Иррадация мен индукцияның балаларда жүру ерекшелігі және осы ерекшеліктерді балалар мен жасөспірімдерді оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарында ескеру. ОНЖ-нің, әртүрлі бөлімдерінің функционалдық маңызы. Автономиялық нерв жүйесі.

Сеченов И.М. пен Павлов И.П. - жоғары нерв әрекеті (ЖНӘ) туралы ілімнің негізін салушылар.

Шартты рефлекс туралы ілім. Шартты рефлекстердің жасалу механизмдері. Шартты және шартсыз рефлекстердің айырмашылығы. Рефлекстердің жіктелуі. Шартты рефлекторлық реакциялардың жасқа сай ерекшеліктері. Олардың жасалу жылдамдықтары, мәні және шартты рефлекстердің тұрақтылығы. Бағдарлау рефлексі. Шартты рефлекстің тежелуі. Шартсыз тежелу. Индукциялық (шектен тыс) тежелу және оның оқушыларда байқалу ерекшелігі. Тежелудің қорғаныстық сипаты. Шартты тежелу және оның түрлері. Шартты тежелудің балалардағы ерекшеліктері. Балалардағы шартгы тежелудің жасалуынын, ерекшелігі - тәрбиенің физиологиялық негізі. Әр жастағы шартты рефлекс ерекшеліктері. Кешенді тітіркендіргіштерге жасалатын шартты рефлекстердің жас ерекшеліктері, Жоғары қатардағы шартты рефлекстер. Еліктеу рефлекстері. ОНЖ-ніқ интеграцшшаушылық қызметтері, ондағы мидың рөлі. Кері афферентацияның релі. Функциональдық жүйе ұғымы.

Ухтомскийдің доминанта туралы ілімі және оның оқушылардың танымдық әрекеттерін басқарудағы маңызы. Жасқа сай доминанта тұрақтылығының артуы. Дииамикалық стереотип. - әдет және дағды негізі, әрі күн режимінің физиологиялық негізі. Оның қалыптасу механизмі және оқу мен тәрбие жұмысындағы маңызы. Сөздік тітіркендіргіштерге шартты

рефлекстің пайда болуы. Баланың даму барысындағы сөздің сенсорлық және

моторлық механизмінің тұрақтануы. Сөз стереотиптерінің сөйлеу даму маңызы. Бірінші және екінші сигналдар (болмыстық) жүйелері. Олардың өзара әрекеттерінің жас ерекшеліктері. Ес, эмоция және мотивация физиологиясы туралы.

Жоғары нерв әрекеті. Оның типтері, пластикалылыгы. Оқушының ЖНӘ типтерін жеке жұмыс барысында ескеру.

 

АНАЛИЗАТОРЛАРДЫҢ (СЕНСОРЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ) ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ФИЗИОЛОГИЯСЫ МЕН ГИГИЕНАСЫ

Сыртқы ақпаратты қабылдаудын, жүйелі ұйымдасуы. Организмнің сенсорлық жүйесі. Сенсорлық стимулдарының қарапайым белгілерін қабылдау, өмірдің алғашқы жылдарындағы сыртқы стимулдарды қабылдаудың күрделенуі. Ерте балалық шақта сенсорлық қабылдаудың рөлі.

Көру анализаторы. Көздің құрылысы мен оптикалық қасиеті. Аккомодация. Көру өткірлігі. Алыстан және жақыннан көрудің өзтерістері. Аккомодацияның жасқа сай өзтерісі. Кеністікті көрудің жас ерекшеліктері.Әр түрлі жасіа жарықты және түрлі түсті сөзгіштік. Балалар мен жасөспірімдердіқ көру қабілеттерін сақтау және оның бұзылмауына шара қолдану.

Есту анализаторы. Құлақтың құрылысы мен акустикалық қасиеттері. Есту анализаторының жас ерскшеліктері. Балалар мен жасөспірімдердегі есту қабілеттерін дамыту және оның бұзылуына жол бермеу.

Жасөспірімдер эндокринологиясы. Ішкі секрециялық бездер. Гормондар. Гипоталамо-гитофизарлық жүйе, оның басқа ішкі секрециялық бездер қызметін реттеудегі рөлі. Қалқанша, бүйрек үсті, ұйқы, жыныс бездері, олардың организм дамуы, есуі, жыныстық жетілуі процестеріндегі рөлі. Жыныстық жетілу стадиялары, соңгы жыныстық белгілердің дамуы. Жыныстық жетілудің физиологиялық әлеуметтік екендігі туралы.

ТІРЕК-ҚИМЫЛ ЖҮИЕСІЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Адам қаңқасы. Буындардың құрылысы мен қызметтері. Қаңқа сүйектері. Қаңқаның қалыптасуы мен олардың иілістері. Қаңқаның функционалдық маңызы. Тұлға және сымбатты тәрбиелеу. Бас, қол-аяқ, ми сауыты және бет сүйектерінің дамуы.

Ет жүйесі. Бұлшық еттің құрылысы мен қызметтері. Әр түрлі жас кезеңдеріндегі ет массасы мен ет күші. Қозғалыс актілерінің дәлдігі мен жылдамдығының, төзімділігінің жас ерекшеліктері. Дене еңбегінің шамасына әр түрлі жастағы организм реакциясының ерекшеліктері. Әр түрлі жұмыстары кезіндегі шаршау және оның жас ерекшеліктері. Қозғалыс дағдыларының дамуы, жасқа сай қозғалысты үйлестіреді жетілдіру. оқушылардың қозғалыс режимі, гиподинамия және гипокинезиямен күрес.

Дене бітімі. Дене бітімінің қалыптасуы. Оның бала мен жасөспірімдердің өсіп дамуындағы маңызы. Омыртқа жотасының деформацияларына қарсы амалдар.

Көкірек клеткасы және деформациясы. Жалпақ табан. Тұру, жүру, отыру кезіндегі дене қалпын дұрыс ұстау. Дұрыс дене келбетін сақтаудағы және қалыптастырудағы жаттығудың, дене тәрбиесінің рөлі. Партада дұрыс отыру. Мектеп жиһаздарына, шеберханаларына, класс бөлмесіне және оқу-тәрбие құрал-жабдықтарына қойылатын гигиеналық талаптар.

 

АС ҚОРЫТУ ОРГАНДАРЫ, ОНЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

ЗАТ ПЕН ЭНЕРГИЯНЫҢ АЛМАСУЛАРЫ. ТАМАҚТАНУ ГИГИЕНАСЫ.

Ас қорыту органдарының құрылысы мен қызметі. Ауыз қуысындағы ас қорыту. Сілекей бездері. Ас қорытудағы ферменттердің рөлі. Тістер. Тістің алмасуы. Кариесті - тіс қант-құртын болдырмау үшін күрес. Қарындағы ас қорыту. Астың қорытылуындағы бауыр мен ұйқы безінің рөлі. Ішектің сіңіру және моторлық функциялары. Қорғаныс ас қорыту рефлекстері. Ішек-қарын

ауруларын болдырмау жолдары, профилактикасы.

Зат пен энергия алмасуы. Зат пен энергия алмасуы - организмнің тіршілік әрекеттерінің негізі. Анаболизм, катаболизм. Зат алмасудағы ферменттердің рөлі. Организмдегі зат алмасудың негізгі этаптары, Энергия алмасуының жас ерекшеліктері. Бұлшық ет қызметін энергиямен камтамасыз ету. Жасқа сай организмнің белокқа деген қажеттілігі. Әр түрлі жастағы май және көмір су алмасуларының ерекшеліктері. Баланың өсуі мен дамуындағы судың, тұздың, микроэлементтердің, витаминдердің маңызы.

Тамақтық заттар, олардың құрамы және энергиялық бағалылығы.

Дұрыс тамақтанбауға байланысты туатын аурулар. Рахит пен артык салмақ қосу да тамақтанудың бұзылу нәтижесі. Гиповитаминозбен және авитаминозбен күресу, олардың профилактикасы. Балалар мен жасөспірімдердің дұрыс тамақтануын ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар. Үйлесімді тамақтанудың өсудегі, дамудағы, денсаулықты нығайтудағы маңызы. Тамақтанудың нормасы. Тамақтанудың тәртібі мен реті.

 

ҚАННЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. ҚАН АЙНАЛУ ОРГАНДАРЫ.

Организмнің ішкі ортасы — қан, тканаралық сұйықтық, лимфа. Қан жүйесі, қанның жасалуы, оның тасымалдық және қорғаныстық функциялары. Қан ұюы. Қан топтары. Қан кұю- Қан аздық және оның балалар мен жасөспірімдердегі болдырмаудың профилактикасы. Қанды тексеру -денсаулықтың бірден-бір басты диагностикалық көрсеткіші.

Жүректің құрылысы мен қызметтері. Жүрек етінің қасиеті. Жүрек қызметінің циклдері. Қан айналудың жалпы сызбанұсқалары. Туа болатын жүрек ақаулары.

Қан және лимфа тамырлары. Әр түрлі жастағы жүрек жиырылуының жиілігі. Пульс және оның сипаты. Жүректің минуттық жән.е систолалық көлемінің жасқа сай өзгерістері. Гипотония және гипертония.

Жүрек-тамыр жүйесі. Оның жұмысының реттелуі және жас ерекшеліктері.

Жүрек-тамыр жүйесінің дене еңбегі іңамасына реакциясының жас срекшеліктері. Балалар мен жасөспірімдердің статикалық жұмысы кезіндегі гемодинамикалық көрсеткіштерінің өзтерісі.

Жүрек пен тамыр ауруларының профилактикасы. Жүрек пен тамыр жұмыстарына әсер ететін факторларды ескеру. Жүрек-тамыр жүйелерін жаттықтыру.

 

ТЫНЫС МҮШЕЛЕРНІҢЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. ОҚУ БӨЛМЕСНІҢ АУАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР.

Балалық кезеңдегі тыныс органдарының құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктері. Мұрынның қосалкы қуыстары. Тыныс козғалыстары. Тыныс жиілігі мен тереңдігі, өкпенің тіршілік сиымдылығы, тыныстың минуттық көлемі,газ алмасу және осы параметрлердің жас ерекшеліктері. Спирометрия. Тыныстың типтері. Тынысты ерікті реттеудің жас ерекшеліктері. Қоршаған орта ауасының денсаулықты сақтаудағы рөлі және оқу бөлмелеріндегі ауаның сандық және сапалық тиісті мәндері. Оқу бөлмелеріндегі ауаның физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгерістері. Оқу бөлмелеріндегі, шеберханалардағы, оқу барысындағы газ алмасуға қойылатын гигиеналық талаптар және олардың физиологиялық негіздері. Жасанды желдету (вентиляция).

Мектептегі жылу және жылу беретін кұрал-жабдқтарға қойылатын гигиеналық талаптар.

 

СЫРТҚА ШЫҒАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.БҮЙРЕК ҚЫЗМЕТТЕРІ. ТЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ. ЖЕКЕ БАС ГИГИЕНАСЫ.

Зәр шығару жүйесі. Бүйректің құрылысы мен қызметтері. Зәр шығару жүйесін аурудан сақтандырудағы жеке бастың гигиенасының рөлі. Терінің құрылысы мен қызметі, жас ерекшелігі. Терінің қорғаныш қызметі. Дене температурасын тұрақты ұстаудағы терінің рөлі. Теріге ерекше күтім жасау ережелері. Шаш пен тырнақ гигиенасы. Киімге және аяқ киімге қойылатын гигиеналық талаптар.

 

ӨТКІЗІЛЕТІН ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР ТІЗІМІ.

Оқушылардың дене бітімін бағалау, антропометриялық әдісті қолдану.

Тамақ рационы мен режимін бағалау.Оқушы тамағын санау сипаты.

Мектеп жерін және үйін гигиеналақ сипаттау.

Оқу бөлмесінің (кластың) ауасын зерттеу.

Оқу процессін гигиеналық бағалау.

Оқу бөлмесінің жарықтығына және жиһаздарына қойылатын гигиеналық

талаптар.

Сабақ кестесін бағалау.

Оқушыллардың жоғары нерв әрекетін анықтау.

 

Семинарлық сабақтардың тақырыптары:

       Семинарлық сабақтар жаңа белсенді творчествалық әдіспен өткізіледі.

Семинар - тренинг: Оқытудың гигиеналық шарттары.

Диспут - Нашақорлық: бұл уақыт күттірмейтін тез шешілуге тиісті мәселе.

Пікір талас; Қызды және ұлды ерекше тәрбиелеуді шешу.

Мамандармен бірге дөңгелек стол өткізу: Денсаулық. Организм және қоршаған орта.

Акселерация мен ретардация.

Жеке адамның гигиенасы.

Энурез және оның түрлері мен себептері.

Физикалық,химиялық жылуды реттеу жолдары

Үйде және мектепте оқушының жұмыс режимінің гигиенасы

Балалар мен жасөспірімдердің биологиялық ритмдері

 

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ ОРЫНДАЙТЫН ЖҰМЫСТАРЫ

Студенттің өзіндік жұмыстары (СӨЖ) жалпы  лекциялық  курсқа кірмейтін, аудиториялық сабақтан тыс орындалатын және студенттің өз бетінше орындайтын материалдары. СӨЖ материалды конепекті, рефераттар, баяндамалар, бақылау жұмыстары, жаттығу  сынамалары түрінде орындау болып саналады.

СӨЖ берілетін тапсырмалар тізімі:

 

Рефераттардың тақырыптары:

1. Балалар мен жасөсиірімдер организмдерінің өсу мен дамуының гетерохрониясы.

2.  Шартты рефлекстің пайда болуының жас ерекшеліктері.

3.  Орталық нерв жүйесінің жеке бөлімдерінің функционалдық маңызы.

4.  Динамикалық стереотип — күн режимінің негізі.

5.  Сенсорлық қабылдаудың ерте балалық шақтағы рөлі.

6.  Кеңістікті керудің жас ерекшеліктері.

7.  Тірек-қимыл аппаратының кемшіліктерінің алдын алу.

8.  Тамақтан улану және олардың профилактикасы.

9.  Эндокриндік жүйенің функцияларының жас ерекшеліктері.

10.Жүрек-қан тамырлар жүйесінің жас ерекшеліктері.

I1 .Ерікті тыныс алуды реттеу.

12.Терінің қорғаныстық қызметі.

13.Жанұяның гигиеналық және рухани негіздері.

14.Жаман әдеттердің профилактикасы.

15.Ерте жыныстық қатынас жасаудың профилактикасы.

 

ОҚЫТУШЫНЫҢ БАСҚАРУЫМЕН ОРЫНДАЛАТЫН СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК Ж¥МЫСЫ (ОСӨЖ)

ОСӨЖ оқытушының педагогикалық жүктемесіне ресми кіретін, студенттерге қосымша жоспармен сабақ өткізу мен оларға кеңес беру, Сабақтар   жаңа    технологиялық   әдіспен   және   интерактивті      түрде жүргізіледі. Бұл міндетті түрде оқытушының басқаруымен орындалатын студенттердің тапсырмалары. Мұнда студенттер берілген тапсырмаларды коллоквиум, бақылау жұмысы, сынамалар түрінде де өткізе алады немесе әртүрлі ситуациялық тапсырмалар, өзін-өзі тексеру материалдарының сұрақтарын,   сынамаларды,  жұмбақ    тапсырмаларды   шешіп,   әртүрлі рөлдерде ойнау және т.б. сабақ түрлерінде жүргізіп тапсырады. Мұндай тапсырмалар мен сабақ өту формалары болашақ мамандарды жаңа педагогикалық дағдыларға тәрбиелеуге және оларды оқу-тәрбие жұмыстарында әбден пайдалануға үйретеді. Берілетін тақырыптар шамасы мынадай:

1.  Оқытудың «сатылап оқыту режимі»;

2.  Оқу-тәрбие  жұмысындағы эмоцияның рөлі;

3 Жоғары нерв әрекетінің (ЖНӘ) типтері өртүрлі оқушылармен индивидуалды жұмыс істеу;

4.  ¥йкы мен ояу кездің гигиенасы;

5.  Көрудің гигиенасы;

6.  Естудің гигиенасы;

7.  Оқушылардың дұрыс сымбатын тәрбиелеу;

8.  Әртүрлі жас кезеңдеріндегі топтардың тамақтану нормасы;

9.  ¥л балаларды және қыз балаларды жыныстық тәрбиелеу;

10.Балалар мен жасеспірімдердің гемодинамикалық көрсеткіштері;

11.Тыныс жолы органдарының ауруларының профилактикасы;

12.Теріні күту ережелері;

13.АИВ/ЖИТС —тің профилактикасы;

14.3иянды әдеттердің профилактикасы;

15.0қушылардың компьютер алдында отыру ережесінің талаптары.

 

ӘДЕБИЕТТЕРІ:

Негізгі:

І.Химич Г.З., Суркова О.А. Возрастная физиология и валеология(і) Павлодар.2003

2.Химич Г.З., Суркова О.А. Возрастная физиология и валеология (2).Павлодар. 2006.

З.Дүйсембин  Қ.Д.,  Алиакбарова З.М.  Жасқа сай  физиология  және мектеп гигиенасы. (оқулық).Алматы:«Дәуір» 2003 4.Обреимова Н.И., Петрухин А.С. Основы анатомии, физиологии и гииены детей и подростков. М.: Академия. 2000

5.Смирнов В.М. Нейрофизиология и ВНД детей и подростков. М,: Академия. 2000

б.Ермолаев Ю.А. Возрастная физиология.М., «Высшая школа», 1985.

7.Хрипкова А.Г., Антропова М.В., Фабер Д.А. Возрастнвя физиология и школьная гигиена.М., 1990.

8.Гуминекий А.А., Леонтьева Н.Н., Маринова К.В. Руководство к лабораторным занятиям по обіңей и возрастной физиологии. М.Просвещение, 1990.

9. Алиакбарова З.М. Мектеп гигиенасының негіздері.Алматы. АлМУ.1985.

10.Мектеп гигиенасының негіздері. Алиакбарова З.М. Екінші басылым. Редакциясын басқарған Рымжанов Қ.С. Алматы. 2004.

 

Қосымша

11.  Сәтпаев Х.Қ., Нілдібаева Ж.Б., Өтепбергенов Ө.Ә Адам физиологиясы. Алматы. «Білім» 1995

12.  Жұмабаев С.Ж.  Жас ерекшелік физиологиясы. 1997.

13. Рымжанов К.С., Төленбек И.М. Адам мен жануарлар физиологиясы Алматы. РБК. 2000.

14.   М.Дүйсембин Қ. Орталық жүйке жүйесі және жоғары жүйке

әрекетінің физиологиясы. Алматы.2001.

15.  Қасыбаева Қ. Аиализаторлардың жас ерекшеліктері.

       Алматы.«Дарын» 2002 іб.Сагшн М.Н., БрыскинаЗ.Г. Анатомия и    физиология детей и подростков.М.:Академия. 2000.

17.   Бабашев А.М. Орталық нерв жүйесінің анатомиясы,

       физиологиясы және эволюциясы. Алматы. 2000.

18.  Қасыбаева Қ., Бабашев А.М.Психика және денсаулық.

       Валеология, дене тәрбиесі, спорт. Алматы. 2005.

19.  Демеуов Ж.Д., Бекетаев А.М., Алиакбарова З.М., Байназарова

       Б.Я. Мектепке дейінгі балалардың анатомиясы, физиологиясы

       және гигиенасы. Алматы. 1997.

20.   Өмешұлы Ә.   Салауатты өмір - денсаулық көпілі.   Алматы:

        «Білім».1999.